Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
  • 5
  • 11.05.2026, 18:47

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.

Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.

Мажарстан Үкіметінің басшысы Қазақстан Президентін 1956 жылғы Венгрия революциясының 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақырды.