Мемлекет басшысы «Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты – инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Оған сәйкес, Үкімет 1 шілдеге дейін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2029 жылға дейінгі кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді. 1 тамызға дейін мектептер техника тұрғысынан жарақтандырылып, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады. Ал 1 қыркүйекке дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.