Жаңа Конституция заңдарды жетілдіруге септігін тигізеді

  • 0
  • 29.05.2026, 19:46

Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа құқықтық жүйені жаңғыртуға жол ашты. Сарапшылардың айтуынша, жаңа Ата Заң заңдардың сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Өзгерістер ең алдымен заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді

Заң шығару. Оның басты органы Парламенттің рөлін арттыру жаңа Ата Заңдағы арнайы бөлімнің бірі. Енді Құрылтай болып өзгереді. Заң қабылдау үдерісі ашық әрі тиімді бола түседі. Оның құзіреті де кеңейеді.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Депутаттар заңды орындамаса, министр Президентке мынау орындай алмайды деп жібере алады. Президент қолын қойып, министрді алып тастау сондай Конституцияда жазылған. Сарапшылар, депутаттар, бүкіл қоғам талқылап отырады. Заңдар тіпті кәсіби түрге көтеріледі. Жауапкершілік көтеріледі.

Өткен аптада ғана өзгерістерді құқықтық түрде бекітуге арналған 6 Конституциялық заң Парламенттің бірлескен отырысында қабылданды. Мамандардың айтуынша, бұл үлкен істің бастамасы ғана. Алдағы уақытта басқа да заңдарға толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, жаңа Ата Заңның мазмұнымен сәйкестендіріледі.

Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кемі 60 заңға жаңадан өзгерістер енеді, ілеспе заңдардың өзі. Бұл жерде заманның, қоғамның қандай пікірлері бар соның бәрі ескерілді деуге болады. Енді мұның бәрі жаңашыл ғой. Өйткені ашықтық, халықтың Үкіметтің алдындағы жауапкершілігі дегендей. 

Ата Заңда жазылған тағы бір өзгеріс азаматтар еңбекке құқылы деген норма. Бұл Үкіметке, оның ішінде жергілікті әкімдіктерге жаңа жұмыс орындарын ашуды міндеттейді. Одан бөлек білім беру, адами капиталды, иновацияны дамыту да басым бағыттар қатарында көрсетілген.

Ердәулет Ыбырайұлы, Аманжол Байғазин