Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді. Жиында инвестициялық ахуалдың өзекті мәселелері, техникалық стандарттар мен реттеуші тәсілдерді үйлестіру, кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ геологиялық барлау және аса маңызды минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Былтыр арадағы тауар айналымы 45,2 миллиард доллар болса, биылғы төрт айда алыс-беріс 12,4 миллиард долларға жетті. Отырыс барысында ЕуроОдақтың Қазақстандағы елшісі, Германия өкілі және бизнес құрылымдардың қызметкерлері баяндама жасап, ұсыныстарын айтты.