Сапар аясында Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған. Мемлекет басшысы ірі компания жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – Еуропа Одағы» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.