Премьер-министр Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумына қатысты.
Қытайдың Далянь қаласындағы іс-шараға үкімет басшылары, ірі компания өкілдері мен сарапшылар қатысты. Оның күн тәртібінде технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және экономикалық өсудің жаңа драйверілерін іздеу мәселелері қаралды.
Олжас Бектенов сапар аясында Моңғолия және Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті және бас директорымен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылады.