Белсенділер Құрылтай сайлауының маңызын түсіндірді

  • 4
  • 15.07.2026, 19:37

Құрылтай сайлауы ел ішінде қызу талқыланған қоғамдық-саяси тақырыпқа айналды. Оған жер-жерден жастар да үн қоса бастады. «Ел өміріндегі аса маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауымызды жасау - біз үшін азаматтық жауапкершілік. Дауыс беру арқылы ұстанымымызды білдіріп, қоғамды дамытуға ықпал ете аламыз»,-дейді олар. Сол себепті таңдау жасаудан қалыс қалмауға шақырады.

Ризат Рахымжанов, белсенді:

- Бізді Құрылтайға қандай жас үміткерлер баратыны қызықтырады. Сол арқылы жастар үшін институционалдық мінбер пайда болады деген ойдамын. Еліміздің болашақтағы дамуы сайлауда берген даусымызға байланысты. Сондықтан да алдағы саяси науқанға бей-жай қарамайық.

Арина Краскова, қалалық «Жасыл ел» штабының командирі:

- Біз үшін, жалпы жастар үшін бұл өте маңызды оқиға болғалы тұр. Сол себепті азаматтық жауапкершілік мәселесіне дұрыс көзқараспен қарап, мемлекетімізді дамытуға өз үлесімізді қоса білуіміз керек. Өйткені әр адамның азаматтық жауапкершілігі – мықты мемлекеттің негізгі тірегі деп есептеймін.