«Прогресс жолындағы 20 белес». Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Басқосуға БАҚ өкілдері, саясаттанушылар мен сарапшылық қауымдастық мамандары қатысты. Жиында саяси ұйымның қолға алған мақсат-міндеттері мен төрт негізгі бағыттағы жұмысы сараланды. Экономиканы монополиядан арылту, сән-салтанатқа салық енгізу, бюджетті толық цифрландыру, Парламентті Кәсіби Құрылтайға айналдыру сияқты тақырыптар сөз болды. Жер қойнауындағы байлық халық игілігіне қызмет етуге тиіс деген ұсыныстар да тыңдалды.
Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының аппарат басшысы:
-Кеше сайлауалды науқан басталды. ОСК-ның отырысына қатыстық. Барлық партиялар бастап кетті. Бүгінгі күн біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасы талқылануда. Оған үміткерлер қатысып отыр. Сарапшылар мен заңгерлер қатысып отыр.