«Байтақ» партиясы Құрылтай депутаттары сайлауына арналған үгіт-насихат науқанын экологиялық марафонмен бастады. Іс-шара елордадағы Триатлон саябағында өтті. Марафонға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында партия мүшелері, кандидаттар мен белсенділер бар. Қатысушылар 2,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасында таза ауа мен су, азаматтардың денсаулығы, азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлердің тұрақты дамуы және «жасыл» экономика арқылы жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қамтылған. Саяси бәсекеге «Байтақ» жасылдар партиясы 47 кандидат ұсынған.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» партиясының төрағасы:
- Бақытты болу үшін бірінші денсаулық керек. Сол себепті салауатты өмір сүру салтын біздің «Байтақ» дәріптейді. Әрбір азамат таңда жүгіріп, арнайы спортпен айналысса оның денсаулығы жақсы болады. Екіншіден біз осы таңғы жүгіру акциясын өзіміздің ұлттық домбырамен сүйемелдедік.