Қазақстан Халық партиясының республикалық сайлауалды штаб мүшелері мен депутаттыққа үміткерлер Павлодардағы мұнда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімі Қазақстанның көп өңіріне жөнелтіледі. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Зауыт жұмысшылары сауалын қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды. Оларды қолжетімді баспана, сапалы медициналық қызмет пен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қызықтырды. Партия өкілдері қойылған сұрақтарға жауап берді. Айтуларынша, сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.
Бейбіт Құсайынов, ҚХП төрағасының орынбасары:
-Жұмысшылармен кездесіп оларға біздің саяси бағдарламамыздың 19 тарабы бар деп айттық оларға. Ең бастысы біздің еңбекқор азаматтарымыз саяси бағдарламамыздың ортасында тұр деп айттық. Ой-пікірін білдірді жұмысшылар. Ол пікірлердің арасында біздің құқықтарымыз қалай қорғалады ертең сіздер мысалы Құрылтайға кірсеңіздер. Оны да түсіндіріп айтып бердік.