«Ауыл» партиясы кезекті сайлауалды үгіт-насихат науқанында дәрігерлермен кездесті. Іс-шара барысында партия өкілдері денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауылдардағы инфрақұрылымды жақсарту, аймақтардағы мектептердің сапасын арттыру, кадр даярлау, ауыл кәсіркерлігін және ғылымды қолдау жайы көтерілді. Жалпы партия Құрылтай депутаттарының сайлауына 69 кандидат ұсынып отыр. Үміткерлердің басым бөлігі 35 пен 55 жастағы азаматтар.
Ахметбек Қоңырбаев, «Ауыл» партиясы Алматы қаласы бойынша төрағасы:
-«Ауыл» партиясының атынан осы алдағы болатын Құрылтайға 69 үміткер бекітілді. Біздің 28 сьезде бекітілді. Орталық Сайлау комиссиясында бекітіліп, бізге куәліктер берілді. Негізгі ақхалаттарды жандарды жастар екен. «Ауыл» партиясының жеті бағдарламасын түсіндірдік. Олардан сұрақ болды. Сұрақтарына жауап бердік.