«Ақ жол» партиясы кәсіпорын ұжымымен кездесті

  • 7
  • 24.07.2026, 19:41

Елде сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқынды жүріп жатыр. Мәселен «Ақ жол» партиясының өкілдері Қарағанды қаласындағы Еуразиялық Фудс кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында «Ақжолдықтар» өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тың идеяларымен бөлісіп, партияның негізгі ұстанымын түсіндірді. «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына 63 адам ұсынды. Оның үшеуі Қарағанды облысынан.

Артур Кинсфатер, «Ақ жол» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Біздің партия – шағын және орта бизнестің мүддесін қорғайтын саяси ұйым. Кәсіпкерлер біздің партияның дамуына қолдау көрсетсе, біз өз кезегімізде олардың дамуына жан-жақты қолдау білдіріп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға күш саламыз. Бұл біздің басты қағидаттарымыздың бірі.