Respublica партиясының штабы Қарағанды облысына барды

  • 6
  • 24.07.2026, 19:42

Делегация өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен өндіріс ошақтарын аралап, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен аймақтың жалынды жастарымен кездесті. Штаб мүшелерінің Қарағандыдағы кездесуіне 1000-нан астам адам қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, ауыл шаруашылығы, бизнес және жастар саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлер салық, отандық өндірісті қолдау мәселесін көтерсе, жер емген шаруалар тұқым шаруашылығын дамытуға қатысты ойын жеткізді. Сондай-ақ жастармен өткен кездесуде креативті индустрияны қолдау, жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамыту және бірыңғай цифрлық жастар платформасын құру бастамалары сөз болды. Ал партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров науқанды сайлаушылармен ашық диалогта жүргізетінін атап өтті.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

-Қарағанды ол шынайы еңбек адамдарының Отаны десек те болады. Сонау шахтерлардан бастап шаруаларға дейін осы жерде Қарағандыда кездесеміз. Еңбекпен тірлік жасап жатқан адамдардың қолдауын алу біз үшін өте маңызды. Келесі қала Өскемен, Семей, Павлодар қаласы, бүкіл өңірлі келесі 20 күнде қамтуға тырысамыз.