«Ақ жол» партиясы Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті

  • 0
  • 28.07.2026, 19:47

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті. 85 жылдық тарихы бар кәсіпорында бүгінде 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Кездесу барысында өнеркәсіп саласын дамыту, отандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.  

Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясынан құрылтай депутаттығына кандидат:

-Бұл зауыттың тарихы – 85 жыл. Бұның 200-ден астам жұмысшылары бар. Бүгін енді меніңше жақсы іс-шара өтті. Халықта көптеген сұрақ бар. Ол біздің заңдарға, Парламенттің шығарған заңдарына байланысты. Сондықтан бүгін тек қана үгіт-насихат емес, сонымен қатар біз осы соңғы ең кемі үш жылға шығарған заңдарымызды түсіндіру.