«Әділет» партиясы атыраулықтармен жүздесті

  • 0
  • 28.07.2026, 19:48

Әділет партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырауда еңбек ұжымдарымен және өңір тұрғындарымен кездесті. Партияның республикалық сайлауалды штабы алдымен мұнай өңдеу зауыты мен вагон жасау кәсіпорнының ұжымымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесуде өнеркәсіпті дамыту, цифрландыру және еңбек адамын қолдау мәселелері көтерілді. Облыс жұртшылығымен жүздесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстар талқыланды. Ал креативті жастармен кездескен партия кандитаттары олардың бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту, креативті индустрияны дамыту бағытында пікір алмасты.

Нұрбек Мәтжани, Әділет партиясынан ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидат:
-Бүгін біз Атырау жастарымен кездестік. Көптеген Атырау жастарын толғандырған сұрақтарын тыңдадық. Әрине, оның ішінде білім алу, өзінің әлеуетін қолдану, соның ішінде креативті салада жүрген жастар өзінің көп ұсыныстарын айтты.