Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық сайлауалды штабы ашылды. Партия белсенділері брифинг өткізіп штабтың атқаратын жұмысымен таныстырды. Оның құрылымы мен жүктеліп отырған міндеттерді айтып берді. Жиында қаланың 8 ауданында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, мобильді топтардың қызметі, кәсіпорындар мен ұйымдарда өткізілетін кездесулер талқыланды. Партия мүшелері өз бағдарламаларымен де таныстырды. Негізгі бағыты - әлеуметтік мәселелер, оның ішінде денсаулық сақтау саласы.
Эльмира Әуезова, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:
-Бүгін Қоғамдық коммуникация орталығына келіп сұқбат бердік. Осындағы қатысушыларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстардың басталғаны туралы және партиямыздың бағдарламасы таныстырылды.