Семейде өндірісті дамыту, кадр даярлау және логистика мәселелері талқыланды. Respublica партиясының өкілдері қаладағы бірқатар өндіріс кәсіпорнында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Басқосу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, теміржол тасымалы, логистиканы жетілдіру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ өндіріс орындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету жайы сөз болды. Бұдан бөлек, партия өкілдері студент жастармен кездесіп, түлектерді жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының еңбек нарығындағы сұранысын талқылады.
Сырымбек Тау, Respublica партиясының тең төрағасы:
- ҚР жұмысқа жарамды 11,5 млн адам бар. Бұл өте аз емес енді. Соның қазір 9 млн 200-і жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 50 пайызын орта және шағын кәсіп беріп жатыр. Өңір-өңірде мысалы біз Абай облысында тұрмыз Алакөлдің жағасы деп айтсам болады. Туризмдік программаларға біз бұрын не істедік, алдыда не жоспар қойып жатырмыз осының бәрін түсіндірудеміз.