«Көліксіз бір күн». Дүниежүзілік табиғатты қорғау күніне орай «Байтақ» жасылдар партиясы осындай іс-шара ұйымдастырды. Экологиялық челленджге партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастамашы болды. Бұл күні партияның әрбір мүшесі жеке автокөлігінен бас тартты. Бірі жаяу жүрсе, енді бірі велосипедке, қоғамдық көлік отырды. Партия жетекшісі Азаматхан Әміртаев LRT желісін таңдапты. Ол ботаникалық бақта болып қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарын таныстырды.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
-Қарапайым адамдар өзінің денсаулығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Ол тек қана қоршаған ортаның жағдайымен. Егер ауамыз лас болса, суымыз лас болса ол бірден адамның денсаулығына тікелей әсер береді. Сондықтан біз осыны қамтамасыз ету үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.