2027 жылы Қазақстан киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

  • 2
  • 29.07.2026, 19:35

Бұл жайлы спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов «Болашақ ойындарының» саммитінде хабарлады. Астанадағы алқалы жиында 200 елдің спорт басшылары бас қосып, фиджитал қозғалысын одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Астанада дәстүрлі спорт пен киберспорттың аралас форматындағы жарыс басталды. Көпшілікке таңсық саналатын халықаралық фиджитал турнирі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Ресей және Біріккен Араб әмірліктерінен кейін Қазақстан «Болашақ ойындарын» өткізу құқығы ие болған үшінші мемлекет. Ендігіде фиджитал қозғалысын одан әрі дамыту үшін не істемек керек? Әлемнің түрлі елінен спорт басшылары саммитте осы мәселені қаузады. Бәрінің түпкі ойы бір: фиджитал форматын кеңірек дәріптеу – заман талабы. Бүгінде фиджитал қозғалысы әлемнің 115 елінде қарқын алған. Келесі жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. 

Дэниел Меркли, Phygital International ұйымының бас атқарушы директоры:

-Бүгін түрлі елден келген спорт саласының басшылары түрлі ұсыныс айтып жатыр. Оның ішінде жастар арасында киберспорт арқылы дәстүрлі спортқа қызығушылықты арттырудың жолдарын бөлісті. Өйткені дене шынықтырудың құндылықтарын насихаттау үшін де бұл керек. Дәстүрлі спорт пен киберспорт туралы қатар қойып, фиджиталды насихаттауға ден қойғандарына өте қуаныштымын. Мақсатымыз ортақ – жастарға бағытталған және жастарға бейімделген жаңа спорт қозғалысын құру.