«Ауыл» партиясы дәрігерлермен пікірлесті

  • 5
  • 29.07.2026, 19:45

«Ауыл» партиясының өкілдері Петропавл қаласында дәрігерлермен кездесті. Жиын барысында Денсаулық сақтау саласын дамыту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Медицина мамандары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алысты. Кездесуге 50-ге жуық адам қатысты.

Қанат Асқаров, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

-Қандай жұмыстар істелінуі керек, алдымызға қойған мақсат, соның барлығын халыққа көрсетіп, айтып, түсіндіруіміз керек, егер сұрақтары болса, жауап беруіміз керек. Сондықтан бізде өзімізде жоспар бар.