«Ауыл» партиясы «Ауылым - әнім» акциясын өткізді

  • 5
  • 29.07.2026, 19:48

«Ауыл» партиясының бастамасымен Алматыда «Ауылым - әнім» музыкалық акциясы өтті. Науқан аясында қаладағы 20 қоғамдық автобус пен метро станцияларында қазақтың халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама ұлттық мәдениетті насихаттап, қала тұрғындарының көңіл күйін көтеруге және қазақ ән өнерін кеңінен дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар акция барысында партия өкілдері тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, белсенділер жолаушыларға партияның үгіт-насихат материалдарын таратты.

Нұрболат Өмірхан, қалалық «Ауыл» партиясының жастар қанатының жетекшісі:

-Республика бойынша 69 кандидат. Ал біздің Алматы қаласы бойынша 4 кандидат ұсынылып жатыр. Оның ішінде жастар квотасымен, әйелдердің арасында және өзіміздің партияның жетекшісі де бар. Бізде партияда жастардың үлесі 25 пайыз. Кәсіпте, мемлекеттік қызметкерлігінде болған кісілер бар.