«Ақ жол» өкілдері Ақтөбе облысына барды

  • 4
  • 29.07.2026, 19:45

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Ақтөбе облысына барды. Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған кандидаттар өңірдегі темірбетон бұйымдары мен құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын ұжымымен кездесті. Оның барысында Құрылтай сайлауының маңызы түсіндірілді. Жиын барысында өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері көтерілді. Жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Айта кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтай сайлауына 63 кандидат ұсынып отыр.  

Дания Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

-Осы кәсіпорында 500-дей адам жұмыс істейді. Баяғыдан бері тарихы бар мекеме. Сондықтан бірінші кездесуімізді осы жерден бастадық. Әрине, ең бірінші халыққа түсіндіру, 23 тамыз сайлау өтеді, ол қандай сайлау, құрылтай деген не, оны халық түсіну керек. Ал екінші міндет - «Ақжол» партиясының бағдарламасымен таныстыру. Сонымен қатар басшылардың, ұжымдағы адамдардың қандай мәселелері бар, сонымен де таныстыру.