Respublica өкілдері еңбеккерлермен дидарласты

  • 5
  • 29.07.2026, 19:47

Respublica партиясының өкілдері Павлодардағы Еуразиялық энергетикалық корпорациясының қызметкерлерімен кездесті. Жиында салық саясаты, моноқалалардың дамуы, кадр тапшылығы, жалақы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Respublica Jastary ұйымының өкілдерімен кездесуде жастардың білім алып, жұмысқа орналасуы жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жастардың бастамаларын қолдау мәселесі көтерілді. Сондай-ақ «Қызылжар құс» фабрикасының жұмысшыларымен жүздесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Еңбек ұжымына партия бағдарламасының басым бағыттары баяндалды.

Маханбет Амангелді, Respublica партиясы Павлодар филиалының төрағасы:

-Біздің негізгі бағытымыз әрине орта және шағын бизнес өкілдерінің құқықтары, себебі неге біз әрқайсымыз өзіміздің ұрпағымыз, балаларымыз барлығы мемлекетіміздің бай болғанын қалаймыз, қуатты болғанын қалаймыз. Сол себепті осы бағытта даму үшін көптеген заңнамалық өзгерістер керек болады.