Малайзия сарапшысы Құрылтай сайлауының маңызын жоғары бағалады

  • 0
  • 29.07.2026, 19:50

Малайзияның Халықаралық Ислам Университетінің ректоры Осман бин Бакар Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауының маңыздылығын жоғары бағалайды. Бұл туралы ол арнамызға берген сұхбатында атап өтті. Халықаралық сарапшы еліміздегі саяси өзгерістерді дәстүрлі саяси институтқа қайта оралу және елдің болашағы үшін маңызды қадам ретінде санайтынын айтты.

Осман Бин Бакар, Малайзиядағы халықаралық ислам университетінің ректоры:

- Бұл шынымен де Қазақстан тарихындағы өте маңызды оқиға. Малайзия халқы сіздермен бірге қуаныштымыз. Мен бұл мәліметті өте жылы қабылдап, оны екі елдің өзара ынтымақ пен дамуындағы маңызды қадам ретінде бағаладым. Қазақстан халқына сәтті сайлау және бақыт тілеймін.