«Байтақ» партиясы Алматыда аңшылар және балықшылар ұлттық палатасының өкілдерімен кездесті. Жиында биоалуантүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғау тұжырымдамаларын жүзеге асыру бойынша ой бөлісті. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасында экологиялық мәселелерді шешу бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру тетіктері сөз болды.
Алма Караш, «Байтақ» партиясының мүшесі:
-Біз өзіміз көтеріп жүрген мәселелер төңірегінде шараға қатысушылармен пікір алысып, мәселелелерді шешу жолдарын талқыладық. Қоршаған ортаның таза болуы - ол құндылық баршамызға ортақ жауапкершілік. Оны бағалай білуіміз қажет.