Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының батысқазақстандық өкілдері баласы қант диабеті және целиакия ауруына шалдыққан ата-аналармен кездесті. Кездесуде Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова сырқат бала өсіріп отырған отбасылардың мұң-мұқтажына назар аударды. Олардың арыз-шағымы мен ұсыныстарын тыңдады. Өкінішке қарай елімізде мыңдаған бала қант диабетімен есепте тұр. Жиында сол балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері жан-жақты айтылды.
Наурыз Сайлаубай, Жалпыұлттық Социал-Демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
-Әлеуметтік мемлекет болғандықтан, қазіргі таңда инклюзия саласында балаларға білім беру жүйесін дамыту керек. Ерекше балалардың құқығын қорғау, оларға тең дәрежеде білім беру өте маңызды.