ҚХП «Мемориалдық аймақ» өкілдерімен кездесті

  • 3
  • 31.07.2026, 19:43

Қазақстан Халық партиясы Астанада «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш ұйым Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық майдангерлерді іздеумен айналысады. Шарада осы жұмыстың негізгі қорытындылары таныстырылды. Арнайы жасақ жыл сайын Санкт-Петербург маңында қазба жұмыстарын өткізеді. Осы уақытқа дейін хабарсыз кеткен 3 мың 200-ден астам отандасымызды тауыпты. Белсенділер архив құжаттарын зерттеуге де қолдау көрсетіп жүр.

Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Екінші дүниежүзілік соғыс біздің тарихымыз. Біздің халқымыз үшін ата-бабаларын табу, Құран оқу, құрмет көрсету ата-салтымыз болып табылады. Сондықтан да бұл ұйым адамдарға үлкен көмек көрсетіп отыр.