«Ауыл» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Ақмола өңіріндегі жұртшылықпен жүздесті. Алғашқы кездесу агроөнеркәсіп кешеніне арналған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізетін жетекші компанияда өтті. Серіктестік 25 жылдан бері отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді озық технологиялармен қамтып келеді. Партия төрағасы өңір тұрғындарынын сұрақтарына жауап берді. Үміткерлер Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылының тұрғындарымен де кездесті. Ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері сөз болды.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Халықпен кездескенде көп сұрақ қойып жатыр. Көп мәселелер көтеріліп жатқан шалғай аудандарда жол мәселесі, интернет мәселесі, су мәселесі. Сондай мәселелерді халық көтеріп жатыр. Бірінші үлкен мәселе олар айтады жұмыс орны дейді.