«Ақ жол» партиясы Қарағандыдағы еңбек ұжымымен кездесті

  • 5
  • 31.07.2026, 19:45

«Ақ жол» партиясының орталық штабы Қарағандыға келіп, Сарыарқа арнайы экономикалық аймағын аралады. Онымен қоса ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Алдымен отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт қызметкерлерімен пікір алмасты. Партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жылу оқшауланған құбырлар шығаратын зауытқа да барып, еңбеккерлердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуде отандық бизнесті қолдау және қаржылық сауаттылық мәселелері айтылып, жиналғандарға кеңес берілді.

Ермек Әбілдин, «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

-Енді кәсіпорындар экономикамыздың негізгі бөлшегі кәсіпкерлер. Ең басты салық төлеушілер кәсіпорындар. Сондықтан шағын және орта бизнесті, үлкен кәсіпорын болсын соларды қолдау керек. Сол үшін арнайы келіп отырмыз.