Respublica елорда көшелерін аралады

  • 4
  • 31.07.2026, 19:47

Respublica партиясы ReBus ақпараттық ойын-сауық іс-шарасын өткізді. Екі қабаттан тұратын автобус Астананың басты көшелері мен көрікті орындарын аралап, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Әуезді әуен мен еркін әңгіме тоғысқан жобаның мақсаты - саяси науқанның үйреншікті үрдісінен шығу»,- дейді ұйымдастырушылар.

Ал Ұлытау облысында Respublica партиясының өкілдері бірқатар кәсіпорында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиында шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыру, өңіраралық жүк тасымалын жандандыру жайы сөз болды. Тігін фабрикасында өткен басқосуда жұмысшылар балабақша кезегі мен қалааралық қоғамдық көлік қатынасына қатысты әлеуметтік мәселелерді көтерді. Еңбек адамдары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алысты.

Бекжан Айтқұлов, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

-Көптеген мәселе көтеріп жатыр. Бірінші кәсіпорын деңгейінде айтатын болсақ, ол инфрақұрылым қолжетімді, тұрақты өткізу нарығы. Кездескен жұмысшыларды әлеуметтік мәселелер толғандырып жатыр. Өздеріңіз естіп жатсыздар мынау инфрақұрылым мәселесі, жол мәселесін айтты сонымен қатар көлік мәселесін де айтты.