«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жамбыл облысына барды. Партия өкілдерінің сапары Меркі ауданынан бастады. Алғашқы жүздесу 70 жылдық тарихы бар «Меркі» шипажайында өтті. Еркін форматтағы басқосуға өңір кәсіпкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Жиналған қауымға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ дәл осындай жиын «Меркі қант зауытында» да өтті. Онда отандық өндіріс пен бизнесті қолдау, тауар өндірушілерге барынша қолайлы жағдай жасау мәселесі сөз болды.
Дания Еспаева, «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының төрағасы:
-Ең бірінші біздің мақсатымыз әрбір ұжыммен кездесуде міндетті түрде бүгінгі күнде халықты қандай мәселелер толғандырады, соны талқылап. Халықтың көтеріп отырған көптеген сұрақтары: несиеге байланысты.