«Әділет» партиясының өкілдері Жамбыл облысында тұрғындармен кездесті

  • 8
  • 06.08.2026, 19:42

Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының төрағасы бастаған кандидаттар Жамбыл облысында тұрғындармен кездесті. Басқосуға жастар, еңбек адамдары мен түрлі сала мамандары қатысты. Кездесу барысында өңірде зейнеткерлерді қолдау орталықтарын ашу, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау, жастарды жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Партияның сайлауалды штабы Нұрлыкент ауылында да тұрғындармен жүздесті. Жалпы мобильді керуен ел бойынша 5 мың шақырымнан астам жол жүріп, 5 мыңға жуық ұсыныс-пікір жинаған.

Дихан Қамзабекұлы, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер:

-Ұсыныстардың көбісі жастардан түсіп жатады. Болашақ жұмыс. Жұмысқа орналасу. Партияның да үлкен мақсатын білесіздер. 5 жылдың ішінде 1 млн жұмыс орнын ашу. Сонымен бірге халықтың демографиялық өсіміне байланысты балабақшада орын жетіспейді, мектептерде орын жетіспейді. Осыған байланысты ұсыныстар бар.