Жоғары білімділердің 89,7%-ы Президентті қолдайды

  • 9
  • 10.08.2026, 19:35

Қазақстандықтардың 85,7% Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірді. Бұл туралы Демократия институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Сауалнама 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген. Оған еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 8 мың адам қатысты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Президентке ең жоғары сенім 18-29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелді. Олардың 90,1% Президент қызметіне оң көзқарас білдірген. Бұл барлық жас санаттары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Білім деңгейіне қарай да айырмашылық бар. Жоғары білімді азаматтар арасында Президентті қолдау көрсеткіші 89,7 процентті құраса, білім деңгейі төменірек респонденттер арасында 81,8% болған.

 Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 85 пайыздан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Бұл пікірді жастар көбірек қолдайды. Президент саясаты мен елдің даму бағытын қолдау әсіресе жастар мен жоғары білімді азаматтар арасында жоғары.