Құрылтай сайлауында дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болды. Сеулдегі 422-ші учаске таңғы сағат 7-де ашылды. Алғашқы болып дауыс берген Ажар Кәрімжанова. Көкшетау қаласында туып-өскен ол қазір Корё университетінің магистранты. Құрылтай сайлауындағы жаңашылдық - сайлаушылардың тегі мен мәліметтерін жауып тұратын арнайы трафарет. Және ең жас және ең қарт сайлаушыға естелік сыйлықтар дайындалыпты. Сондай-ақ учаске кіреберісінде мерекелік дастархан жайылған.
Ажар Кәрімжанова, Корё университетінің магистранты:
-Менің ойымша, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлауға қатысу бұл азаматтың құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі мен парызы. Себебі бүгінгі қабылданған шешімдер ертеңгі Қазақстанның қандай болатындығын анықтайды. Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына әсер етеді. Сондықтан да жастардың пікірін білдіріп, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне, өміріне белсенді қатысу өте маңызды.