Құрылтай сайлауына дауыс беру басталды

  • 54
  • 23.08.2026, 08:02

Бүгін еліміздің жаңа тарихындағы ең ауқымды саяси бетбұрысқа бастайтын жаңа Парламент Құрылтай депутаттарын сайлау басталды. Дауыс беру басталар алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Оның саяси маңыздылығы сол, биліктің заң шығарушы тармағы ғана емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңартқан тарихи оқиға. Бүгінгі сайлау биыл қолға алынған конституциялық реформалар ішіндегі ең айтулы әрі дәйекті қадам.

Айта кету керек, Ата заң мен мемлекеттік басқару жүйесі 84% дейін түбегейлі жаңарып, Парламенттік реформалар мен атқарушы билік және қоғамдық-саяси институттардың жаңғыруына арқау болып отыр. Оған 15 наурызда өткен жалпұлттық референдумда дауыс беру құқығы бар халықтың 87% қолдау білдіргенін атап өтейін. Құрылтай сайлауы елімізде қызмет етіп келген екі палаталы Парламенттен, бір палаталы заң шығарушы органға ресми көшуі ретінде айшықталмақ. Бір палаталы Парламентте депутаттар саны 145 адамға дейін қысқарады. Олар жабық тізімді пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізім негізінде сайланады.