Астанада 500-ден астам сайлау учаскесі жұмысын бастады. LIVE

  • 6
  • 23.08.2026, 08:03

Орталық сайлау комиссиясы Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 7.00-де 10 мың 363 сайлау учаскесінде дауыс беру басталғанын хабарлады. Сайлау учаскелерінің 500-ден астамы елордада. Солардың бірінен тілшіміз Құралай Жұмахан тікелей байланысқа шықты. Таңғы жауынға қарамастан, таңмен таласа дауыс беруге барғандар қатары қанша?