Құрылтай сайлауы бойынша жалпы саны 10 423 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Елімізден тыс жерде, нақтырақ айтсақ, 61 мемлекеттегі отандастарымыз үшін 79 дауыс беру орны құрылған. Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, Құрылтай сайлауында дауыс беруге құқығы бар деген азаматтардың саны 12 миллион 605 мың 700-ден асады. Көбі Астана, Алматы қалалары мен Түркістан облысында. Сәйкесінше, осы өңірлерде сайлау учаскелерінің саны да көбірек.