Астанада ерекше қажеттілігі бар азаматтарға дауыс беру үшін жағдай жасалды

  • 4
  • 23.08.2026, 08:05

Астанада 517 сайлау учаскесі cағат 7-ден бері дауыс берушілерді қабылдап жатыр. Сайлаушылардың өз таңдауын білдіруіне қажеттінің бәрі жасалған. Соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға да баса көңіл бөлініп отыр. Көру және есту қабілеті бұзылған жандар үшін арнайы бөлме жасақталған. 

Бұл Астана қаласындағы № 486 сайлау учаскесі. Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың таңдау жасауына жіті көңіл бөлінген. Ғимаратқа пандус немесе көтергішпен кіре алады. Сондай көмек шақыру түймесі, арнайы бағдарлау жүйесімен қамтылған. Қажет болса сайлау комиссиясының мүшелері де көмек көрсете алады.

Бұл сайлау учаскесі бойынша 1362 дауыс беруші тіркелген. Олар үшін бес бөлме бар. Оның бірі ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналып, лайықталып жасалған.

Майнұр Тұрсынбекова, №486 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Ішінде барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, арнайы лампа керек болатын болса, лампа жарық болады. Брайл қарпімен жазылған трафарет, Сонымен қоса бюллетенде 7 ұяшығы партияға арналған, біреуі «бәріне қарсымын» деген. Өз еркімен таңдауын жасап, осы жерге белгілей алады. Арнайы лупа, қосымша қаламсап берілген. Мына жақта егерде есту қабілеті төмен болса, құлаққап, сонымен қоса, ноутбукта арнай мәтінді тыңдай алады.

Ал сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар да елеусіз қалмайды. Бұл үшін комиссияның бірнеше мүшесі мен байқаушылар бірлесіп сол адамның үйіне барып, таңдау жасауына жағдай жасайды.

Майнұр Тұрсынбекова, №486 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Бүгінгі күні сайлаушылардың арасында екі азамат үйден дауыс беруге өтініш берілген. Сағат 12:00-ден кейін ол азаматтарға үй-жайында дауыс беруге 2 комиссия мүшесі арнайы жіберіледі. Бірге еріп баруға өз еркімен байқаушылардан, БАҚ өкілдерінен немесе сенімді өкілдерінен бара алады. 2 ыңғайлы кішкентай урналар болады. Сол екі кішкентай урнаны осындай жағдайға арналған.

Айта кетейік, азаматтар сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Азамат Саметов