Алғашқы Құрылтай сайлауына 7 саяси партия түсіп жатыр

  • 4
  • 23.08.2026, 08:07

Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына 7 саяси партия түсіп жатыр. Әр сайлаушы соның бірін таңдап, белгілеуі тиіс. Дауыс беруге арналған бюллетень, сайлаушылар тiзiмдерiнің негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін беріледі. Сайлаушы бюллетеньдi алғандығы туралы қолын қояды. Комиссия мүшесі бюллетеньдi бергені туралы өзiнiң қолын қояды. Сайлау бюллетенi жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Оны толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа адамның кiруiне тыйым салынады. Бюллетеньде 7 саяси партия және «Бәріне қарсымын» деген бөлік бар. Дауыс беруші, тізімнің оң жағындағы шаршыға белгі қою арқылы өз таңдауын жасайды. Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады. Дауыс беру парағына қарындашпен белгi қоюға, қандай да бір түзету енгiзуге жол берiлмейдi. Сондай-ақ, бюллетеннің фото және бейнетүсірілімін жасауға және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.