Сайлау учаскелері Алматы қаласында да жұмысын бастады. Бүгін қаладағы қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Алматыдағы дауыс беру барысы жайында Бекзат Үшкемпір тікелей эфирде баяндауға әзір.
Алматыда біз тұрған учаскеде таңмен таласа дауыс беруге келіп жатқандар аз емес. Жастар жағы белсенді көрінді және 13 мың 700-ден астам қыз-жігіт 18-ге толып, алғаш рет дауыс беретіндер тізімінде. Жалпы қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы Алматы қаласы бойынша 1 млн 329 мың адам дауыс беру құқығына ие.
Тағы бір маңызды ақпарат бүгін қала аумағындағы барлық қоғамдық көліктер тегін. Яғни қала тұрғындары өздерінің сайлау учаскелеріне автобус, троллейбус немесе метромен ақысыз жете алады.