Шымкентте алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады

  • 3
  • 23.08.2026, 08:09

Шымкентте дауыс беру учаскелері таңғы 7-ден бері ашық тұр. 365 учаскеде алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады. Қазір де электораттың белсенділігі күшейе бастаған сыңайлы. Бұл саяси маңызды науқанда қаланың 710 мыңға жуық тұрғыны дауыс беру құқығына ие. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Алғашқылардың бірі болып еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, ерікті жастар белсенділік танытты. 

Қонысбек Шиманұлы, қала тұрғыны:

- Таңғы сағат 6:30-да келгенмін. Жетіде ашылады дегесін күтіп тұрдым осы жерде. Еліміз көркейе берсін. Бақытты, дәулетке жетсін. Әр уақытта несібеміз мол, деніміз сау болсын. Менің қазір 9 немерем дауыс беруге шықты.