Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру барысы жайында тұрақты ақпарат таратып отыр. Қазіргі уақыттағы деректерді біз әріптесім Берік Дүйсенбайдан сұрап білейік. Ол республика бойынша ақпарат таратып отырған баспасөз орталығынан бізбен тікелей байланысқа қосылды.
Иә, әзірге дауыс берудің алдын ала деректері сағат 10:00-дегі жағдай бойынша екенін айта кетейік. 12605788 сайлаушының 2264411-і таңдау жасаған. Бұл дауыс беруге тіркелгендердің 18 пайызға жуығы. Өңірлердің белсенділігіне келсек Қызылорда облысы әзірге көш бастап келеді. Өңірдегі сайлаушылардың 23 пайызға жуығы дауыс берген. Екінші Қараңанды облысы. Ондағы белсенділік 21 пайыздан асып отыр. Сол секілді Жетісу, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы дауыс беру белсенділігі 20 пайыздан асып отыр. Өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш Павлодар обылысында, 15,98%. Ал республикалық маңызы бар қалаларға келсек, елордамыздағы сайлаушылардың 17,01 пайызы таңдау жасаса Шымкенттің белсенділігі сәл жоғарырақ, 20,39 пайыз. Ал Алматыдағы дауыс бепу көрсеткіші 10 пайызға да жетпеген. Тағы да атап өтейік, бұл сағат 10:00 -дегі жағдай бойынша ұсынылған алдын ала мәліметтер. Қазір санаулы минуттардан соң Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша брифинг өткізеді.