Ұлытау облысында 116 жастағы кейуана дауыс берді

  • 5
  • 23.08.2026, 12:12

Қазақстандағы ең қарт тұрғын 116 жастағы кейуана үйден дауыс берді. Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұратын Түймегүл Темірбаева ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді. Ғасыр жасынан асқан қария өмірінің басым бөлігін отбасына және адал еңбекке арнаған. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсірумен айналысқан. Бүгінде ол - 15 немере мен 25 шөберенің сүйікті әжесі.