Қостанайдағы сайлау учаскелерінде Exit poll зерттеуі жүргізіледі

  • 9
  • 23.08.2026, 12:15

Қостанайдағы барлық сайлау учаскелерінде Exit pool зерттеуі жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнаманы Еуразиялық интеграция институты өткізіп жатыр. Олар анонимді түрде учаскеден шыққан адамдардың қалай дауыс бергендігін сұрап, есепке алып отырады. Жиналған мәлімет, әлеуметтік зерттеу орталығына жіберіледі. Соның нәтижесі бойынша сайлаудың алдын ала бейресми қорытындысы шығарылады. Сауалнама дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін жалғасады.

Мадина Сапаш, Еуразиялық интеграция институтының өкілі:

- Exit pool-ға адамдар ерікті түрде қатысады. Анонимділік толықтай сақталады. Бізге адамның аты-жөні, оның телефон нөмірі немесе қандай бір оның анықтауға мүмкіндік беретін біз ақпаратты сұрамаймыз. Тек қана қандай партияға дауыс бердің, жынысын болды. Жалпы байқағынымша жақсы, Жақсы көңіл күймен шығады, зор ықыласпен қатысады.