Бүгін жастардың да белсенділігі байқалады. Оларға «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері қолдау білдіріп жатыр. Яғни алғаш рет дауыс берушілерге көмектесіп, тұңғыш Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызы жайлы ақпарат береді. Бүгіннің өзінде Астана қаласы бойынша клубтың 29 мүшесі қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп, қызмет атқарып жүр. Жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыру үшін мұндай істі бұған дейін наурызда өткен референдум қарсаңында да атқарған.
Нұрдәулет Мұқтарбек, «Жас сайлаушылар клубының» мүшесі:
- Осы сайлауға келген әр азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Халықты осы 23 тамыз күні келіп, таңдауын жасап кету негізі. Осы сайлауға бей-жай қарамау. Біздің елімізді өзгертетін ең керемет қадамдардың бірі.