Алматыда 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. LIVE

  • 5
  • 23.08.2026, 12:21

Алматыдағы 41-ші сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімінен өздерін таппаған азаматтарға жедел көмек көрсетуге арналған шағын халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ 109 Open Almaty бірыңғай байланыс орталығы да ақпараттық қолдау көрсетеді. Call-орталық сайлаушыларға ақпарат айтып кеңес береді. Еліміздегі ең ірі мегополисте Құрылтай сайлауынының қалай өтіп жатқандығын алматылық Қарлығаш Қайыпбековадан сұрап білейік. 

Бүгін – тарихи күн. Еліміздің заң шығару жүйесінде жаңа кезең басталғалы тұр. Жаңа Конституциялық модельдің іске асуы мен саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды кезең Құрылтай сайлауына дауыс беру жүріп жатыр.

Алматыдағы 41 сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімінен өздерін таппаған азаматтарға жедел көмек көрсетуге арналған шағын Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Яғни мамандар азаматтарға тіркелген жері туралы мәліметтерді нақтылауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны осы учаскенің мекенжайы бойынша бір күнге тіркей алады, оған бюллетень беріп, дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 109 Open Almaty бірыңғай байланыс орталығы да ақпараттық қолдау көрсетеді. Онда жұмыс істейтін операторлардың саны көбейтілді. Қазірге дейін, ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис және Telegram-бот арқылы мегаполистің шамамен 133 мың тұрғыны жүгінген.

Жалпы Алматы қаласы бойынша 9 аумақтық сайлау комиссиясы, 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр.