Атырау облысында мұнайшылар өз таңдауын жасады

  • 5
  • 23.08.2026, 12:22

Атыраудағы Каспий қайраңында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар үшін тікұшақ тартылды. Жалпы өңірдегі кен алаңдарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін 11 мың 271 азамат тіркелген. Оның 3,5 мыңнан астамы өзге өңірлерден келіп жұмыс істейтіндер. Мұнайшылар өз таңдауларын жасауы үшін биыл жұмыс орындарынан жаңадан 2 сайлау учаскесі құрылған болатын. Жалпы облыста Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу үшін 9 аумақтық, 278 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған. Олар таңертеңгі сағат 7-ден жұмыстарын бастады. Кен алаңдарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтардың өтініштері бойынша, барлық сайлаушылар үшін жағдай жасалуда.

Әсия Қыстаубаева, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Яғни айтқан 288-ші және 289-шы жаңадан құрылған учаскелердің тізіміне енгізілген сайлаушыларды санамағанда бізде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын тағы да 8904 адам бар. Олар 32 сайлау учаскесінің тізіміне алдын ала енгізілген болатын. Солардың өтініштеріне сәйкес, өздерінің жұмыс орындарында құрылған дауыс беру нүктелеріне оларға бюлетеньдер жеткізіледі. Соның ішінде қашған жобасында жасайтын қазақстандықтар үшін де Атырау қаласының 39 учаскесінен арнайы 2 комиссия мүшесі берген өтініштерге сәйкес тікұшақпен бюлетеньдерді жеткізеді.