Премьер-министр Олжас Бектенов Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Аль Марзукимен кездесті. Кездесу барысында Үкімет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Соңғы 20 жылда инвестициялар 7 млрд доллардан асқан. Өз кезегінде Фарух Аль Марзуки Қазақстанмен энергетикалық, теміржол инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыру, мұнай химиясы, көлік және логистика салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың жемісті екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы бір жарым жылда қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін 3 есе ұлғайтуға ниетті екенін жеткізді.