Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

  • 9
  • 15.09.2026, 18:32

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Президент осыған назар аударды. Сондай-ақ былтыр телефон арқылы алғаш рет сұхбаттасып, өзара сенім мен достыққа негізделген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға келіскендігіне тоқталды.

«Ал бүгін екіжақты қарым-қатынасты болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік», – деді Мемлекет басшысы.