Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады. Ол заң жобаларына қоғамдық және сараптамалық зерделеу жүргізеді. Құрамы 50 адамнан тұратын жұмыс тобының негізгі міндеті өңір-өңірлердегі жұртшылықты толғандырған сауалдарды шешуге тікелей атсалысып, депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуі тиіс. Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер мен салалық тақырыптарды талқылауға қажетті мамандарды, шетелдік сарапшыларды тарту мәселесі де қарастырылып отыр.